Дархан Сатыбалды Олжас Сүлейменовті Тоқаевтың атынан құттықтады
Мемлекет басшысының атынан Алматы әкімі Дархан Сатыбалды көрнекті ақын, жазушы әрі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовті 90 жас мерейтойымен құттықтады,— деп хабарлайды newsroom.kz
Қала әкімі оған әдебиет, мәдениет, қоғамдық ой-пікір мен антиядролық қозғалысты дамытуға қосқан өлшеусіз үлесі үшін құрмет көрсетіп, жүрекжарды лебізін жеткізді.
Олжас Омарұлы қазақ әдебиетінің көкжиегін кеңейтіп, поэзияға жаңа көркемдік тыныс әкелді. Сонымен қатар оның бастамасымен құрылған «Невада–Семей» қозғалысы ядролық сынақтарға қарсы әлемдік күрестің символына айналып, Семей полигонының жабылуына ықпал етті.
Кездесу соңында қала басшысы абыз ақсақалға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және отбасына амандық тіледі.