Жаңалықтар

Енді шаштаразға роботқа барасыз: Қытайдағы жаңа технология

Қытайдың бір қаласында шаш қию қызметін робот атқаратын автоматтандырылған киоскілер пайда болды,— деп хабарлайды newsroom.kz

Арнайы аппарат 3D-сканерлеу арқылы адамның бет пішінін, шаш құрылымын және қалаған стилін талдайды. Осыдан кейін роботтандырылған қол шашты миллиметрлік дәлдікпен қиып береді.

Қазіргі таңда Қытайдың қалалық аймақтарында осындай бірнеше нүкте жұмыс істеп тұр. Қызмет құны бір сеанс үшін шамамен 60 юаньды (шамамен 4100 тг) құрайды, сондықтан ол көпшілікке қолжетімді болып саналады.