6 адам қаза тапты: Боливияда әскери ұшақ апатқа ұшырады
Боливия әскери-әуе күштеріне тиесілі ұшақтың апатқа ұшырауы салдарынан алты адам қаза тапты,— деп хабарлайды newsroom.kz
Жеңіл қозғалтқышты Cessna 210 ұшағы гуманитарлық рейспен Ла-Пас қаласынан Кочабамбаға бағыт алған. Ұшу барысында экипажбен байланыс үзіліп, кейін іздестіру-құтқару операциясы басталды.
Құтқарушылар әуе кемесінің сынықтарын тапты. Боливия билігінің мәліметінше, апаттан аман қалғандар жоқ. Ұшақ бортында алты адам болған: олардың төртеуі әскери қызметкер, екеуі азаматтық тұлға. Барлығы оқиға орнында қаза тапқан.
Әуе апатының себептері анықталып жатыр. Оқиғаның мән-жайын құзырлы қызметтер тергеп жатыр.