Ташкентте қосалқы станцияда сұмдық жарылыс болды
8 шілде күні кешке Ташкент қаласының Алмазар ауданында орналасқан электр қосалқы станцияларының бірінде төтенше жағдай болды,— деп хабарлайды newsroom.kz
Қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, сағат 20:23-те Кіші айналма жол көшесіндегі қосалқы станцияның электр қалқанынан өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына дереу өрт сөндіру-құтқару бөлімшелері мен арнайы техника жұмылдырылды. Алдын ала тексеру нәтижесінде оқиғаға жоғары кернеулі электр кабельдерінің қысқа тұйықталуы себеп болғаны анықталды.
Жауапты қызметтердің хабарлауынша, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Жедел қызметтер жағдайды толық бақылауға алып, ақауды жою жұмыстарын жүргізді.
Аталған оқиға бойынша қосымша тексеру жүргізіліп жатыр.