Құрылтай сайлауы: Орталық сайлау комиссиясы «Әділет» партиясының кандидаттарын тіркеді
Бүгін Орталық сайлау комисиссиясы «Әділет» партиясының Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысатын кандидаттар тізімін тіркеді, деп хабарлайды Newsroom.kz
Партиялық тізімге 186 адам енген. Олардың арасында құқық, ғылым, бизнес, білім, медицина, цифрлық технологиялар, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және мәдениет салаларының өкілдері бар. Кандидаттардың орташа жасы – 45.
Партия бағдарламасы цифрландыруды дамыту, кәсіпкерлікті қолдау, мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру және азаматтардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған.
Естеріңізге салайық, жаңа парламент депутаттарының сайлауы 23 тамызға белгіленген. «Әділет» партиясы биыл 1 маусымда тіркелген еді. Олар бұл саяси науқанға алғаш рет қатысқалы отыр.