weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Баннер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Астанада түнгі клубта оқ атқан ер адам 4 жыл 8 айға сотталды

Астанада түнгі клубта келушіге газ тапаншасымен оқ атқан ер адам 4 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сот оның бұзақылық әрекетін дәлелденген деп таныды.

Астанада түнгі клубта оқ атқан ер адам 4 жыл 8 айға сотталды
фото: ашық дереккөз

Астана қаласының тұрғыны түнгі ойын-сауық орындарының бірінде газ тапаншасын қолданып, келушіге оқ атқаны үшін 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.

Прокуратура мәліметінше, оқиға кезінде сотталушы алкоголь ішіп, көңіл көтеретін газ пайдаланған. Кейін ол клубтағы келушілерге тиісіп, жанжал шығарған. Оның әрекетіне ескерту жасаған азаматқа жауап ретінде күдікті газ тапаншасын шығарып, кеуде тұсына екі рет оқ атқан.

Оқиғадан кейін ер адам оқиға орнынан қашып кеткен. Зардап шеккен азамат түрлі дене жарақатын алған.

Сот отырысында айыпталушы өз кінәсін толық мойындады. Сот оны газ қаруын қолдану арқылы жасалған бұзақылық бабымен кінәлі деп танып, 4 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→