Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты 8 жастағы туысына қатысты аса ауыр қылмыс жасаған ер адамға үкім шығарды. Сот оны кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Тергеу материалдарына сәйкес, оқиға жәбірленуші денсаулығына шағымданғаннан кейін белгілі болған. Қыз бала болған жағдайды анасына айтып берген, содан кейін әйел құқық қорғау органдарына жүгінген. Сараптама қорытындысы қылмыс фактісін растаған.
Іс құжаттарына қарағанда, сотталған азамат үйге Wi-Fi желісінің құпиясөзін сұрау сылтауымен кіріп, кейін қылмыс жасаған. Сот барысында ол тағылған айыпты ішінара мойындаған.
Сот ер адамды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.