weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Баннер
Бүгін, 13:37 / Жасмина Нурлан / Әлем
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Тарихта алғаш рет: поляк спортшысы Балтық теңізін жүзіп өтті

Польша өкілі, ультрамарафоншы Бартломей Кубковский Балтық теңізін жүзіп өткен алғашқы адам атанды. Ол Швеция жағалауынан Польшаға дейінгі 160 шақырымнан астам қашықтықты еңсеріп, әлемдік спорт тарихына өз есімін жазды. Бұл туралы Newsroom.kz Turkistantvkz сілтеме жасап хабарлайды.

Тарихта алғаш рет: поляк спортшысы Балтық теңізін жүзіп өтті
Фото: видеодан скриншот

Поляк спортшысы Бартломей Кубковский Балтық теңізін тоқтаусыз жүзіп өтіп, бұрын-соңды ешкім бағындырмаған жетістікке қол жеткізді. Оның бағыты Швециядан басталып, Польша жағалауында аяқталды.

Жүзу барысында спортшы жалпы ұзындығы 160 шақырымнан асатын қашықтықты еңсерді. Ол су ішінде шамамен 55 сағат бойы үздіксіз қозғалып, бүкіл сынақты тоқтаусыз аяқтады.

Кубковскийдің жанында қауіпсіздікті қамтамасыз ететін арнайы сүйемелдеуші қайық жүргенімен, халықаралық ашық суда жүзу ережесіне сәйкес спортшы оған бірде-бір рет қол тигізбеген және ешқандай сыртқы көмек пайдаланбаған. Бұл оның нәтижесінің ресми түрде мойындалуына мүмкіндік береді.

Мәреге небәрі 1,5 шақырым қалғанда спортшының әбден әлсірегені байқалды. Ол әрі қарай жүзе алмайтынын айтқан. Алайда командасының қолдауы мен жігерлендіруінің арқасында соңғы күшін жинап, сапарын сәтті аяқтады.

Осылайша Бартломей Кубковский Балтық теңізін жүзіп өткен алғашқы адам ретінде тарихқа еніп, төзімділік пен ерік-жігердің жарқын үлгісін көрсетті.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→