weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Баннер
Бүгін, 16:20 / Admin / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Садыр Жапаров Тәшиевке президенттікке дайындалуды өзі ұсынған

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров келесі президенттік сайлауға өз кандидатурасын ұсынбайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, ол бұл додада Қамшыбек Тәшиевті қолдауды жоспарлаған. Алайда екі саясаткердің арасындағы қарым-қатынас кейін өзгерген. Бұл туралы Newsroom.kz тілшісі хабарлайды.

Садыр Жапаров Тәшиевке президенттікке дайындалуды өзі ұсынған
Фото: ашық дереккөз

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров алдағы президенттік сайлауға қатысуды жоспарламағанын айтты. Бұл туралы мемлекет басшысы журналист Әли Тоқтакуновқа берген сұхбатында мәлімдеді.


Жапаровтың айтуынша, ол бастапқыда президенттік сайлауда Қамшыбек Тәшиевті қолдауды көздеген. Тіпті Тәшиевке келесі сайлауға дайындалуды өзі ұсынған. Алайда кейін жағдай өзгерген. Президент Тәшиевтің айналасындағы адамдардың әрекетіне көңілі толмағанын айтып, оны қызметінен босатқан.
Жапаровтың мәлімдемесінен кейін Тәшиевтің алдағы саяси жоспарлары мен президенттік сайлауға қатысу-қатыспауы да назарға ілікті.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→