Жаңалықтар

21 жыл бойы құпия болған қылмыс ашылды

Астанада 2005 жылы орын алған зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның мәйіті табылған. Полиция ескі істі қайта қарап, қылмысқа қатысы бар екі күдіктіні ұстады. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.

Ішкі істер министрлігі биыл істі қайта қарап, архивтегі материалдарды зерделеген. Сонымен қатар жедел-іздестіру шаралары жүргізілген. Нәтижесінде қылмысқа қатысы бар деген Павлодар облысының екі тұрғыны анықталды.

«Тамыз айында күдіктілер ұсталып, кінәларын мойындады. Қазіргі уақытта екеуі де қамауда. Тергеу жалғасуда», – деді Қанат Нұрмағамбетов.

Оның айтуынша, өткен жылдары жасалған қылмыстарды ашу Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында. Қазір іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр. Күдіктілердің әрекетіне заң аясында тиісті баға беріледі.