Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға түнгі сағат 02:00 шамасында болған. Бетперде киген бірнеше адам үйге кіріп, әйелді байлап, таңғы сағат 05:00-ге дейін ұстап, соққыға жыққан. Кейін шабуыл жасағандар оқиға орнынан қашып кеткені айтылған.
Әлеуметтік желіде тараған видеода жәбірленушінің беті қатты ісінгені және денесінде жарақаттар бары көрінеді. Үйдің терезелері сынған, ішіндегі заттар да шашылып қалғаны туралы ақпарат бар.
Қазір оқиғаның нақты себебі, шабуылға қанша адамның қатысқаны және күдіктілердің ұсталған-ұсталмағаны жөнінде ресми ақпарат жоқ.
Бірқатар БАҚ Түркістан облысының полициясынан ресми түсініктеме күтіліп отырғанын жазды.