ШҚО полиция департаментінің мәліметінше, жасөспірім спорттық мотокөлік құралын басқарып келе жатқан. Ол тұрғын үй маңындағы бағанаға байланған аттың арқанына соғылған.
Салдарынан 13 жастағы қыз ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды. Ал оның 15 жастағы жолаушысы ауруханаға жеткізілді.
Полиция аттың иесін анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.