weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Баннер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Шымкентте газ құбыры өртеніп, 1500-ге жуық үй газсыз қалды

Шымкенттің Еңбекші ауданында газ құбырында өрт шығып, жүк көлігі мен бұрғылау жабдығы жанды. Құтқарушылар жалынның жақын маңдағы тұрғын үйлерге таралуына жол бермеді. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.

Шымкентте газ құбыры өртеніп, 1500-ге жуық үй газсыз қалды
Фото: Әлеуметтік желіден

Оқиға Қаратау жолында болған. Төтенше жағдай туралы хабарлама «112» пультіне түскен. Құтқарушылар келген кезде жүк көлігі мен бұрғылау техникасы ашық жалынмен жанып жатқан.

Алдын ала мәлімет бойынша, газ құбыры жер жұмыстарын жүргізу кезінде көлденең бағытталған бұрғылау салдарынан зақымданған. Соның нәтижесінде газдың шығуы мен тұтануы болған.

Газ қызметі құбырдағы газ беруді дереу тоқтатқан. ТЖМ қызметкерлері газ құбырын салқындатып, өртті толық сөндірді. Жалынның жақын орналасқан үйлерге таралуына жол берілмеді.

Алдын ала ақпарат бойынша, оқиға салдарынан шамамен 1500 жеке үй, жеті көпқабатты үй, 11 коммуналдық-тұрмыстық нысан және тоғыз өнеркәсіптік кәсіпорын газсыз қалған.

Апат салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазір газ құбырындағы ақауды жою және газ беруді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→