weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Президент Құрылтай төрағалығына Айбек Дәдебайдың кандидатурасын ұсынды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай төрағасы лауазымына «Әділет» партиясының жетекшісі Айбек Арқабайұлы Дәдебайдың кандидатурасын ұсынды. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.

Президент Құрылтай төрағалығына Айбек Дәдебайдың кандидатурасын ұсынды

Мемлекет басшысы Конституцияның 57-бабына сәйкес Құрылтай төрағасының кандидатурасын Президент ұсынатынын атап өтті.

Тоқаев Айбек Дәдебайдың мемлекеттік басқару жүйесінде көп жыл еңбек еткенін және мол тәжірибесі бар екенін айтты.

«Өзінің білімді, отаншыл, адал азамат екенін нақты істерімен дәлелдеді. Сондықтан оны осы лауазымға лайық деп санаймын», – деді Президент.

Енді Айбек Дәдебайдың кандидатурасын Құрылтай депутаттары қолдауы қажет.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→