Құрылтайдың бірінші сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев оның кандидатурасын төрағалыққа ұсынған болатын. Дауыс беру нәтижесінде 138 депутат Айбек Дәдебайдың кандидатурасын қолдады.
Айбек Дәдебай бұған дейін «Әділет» партиясының төрағасы қызметін атқарған. Сонымен қатар ол мемлекеттік басқару жүйесінде ұзақ жылдар еңбек етіп, түрлі жауапты қызметтер атқарған.
Мемлекет басшысы оның мемлекеттік басқару саласында мол тәжірибесі бар екенін атап өтіп, білімді, отаншыл әрі жауапты азамат екенін айтқан.