Жаңалықтар

Алматыда көпқабатты үйден өрт шығып, 28 адам эвакуацияланды

Алматының Наурызбай ауданындағы 10 қабатты тұрғын үйде өрт шықты. Төтенше жағдай кезінде 28 тұрғын, оның ішінде 13 бала қауіпсіз жерге шығарылды.

Алматының Наурызбай ауданында орналасқан 10 қабатты тұрғын үйден өрт шықты. Жунисов көшесіндегі үйдің төртінші қабатындағы пәтерден түтін шыққаны хабарланды.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер ғимараттан 28 адамды эвакуациялады, олардың 13-і — балалар. Өрт Төтенше жағдайлар министрлігінің күшімен сөндірілді.

Жауапты ведомствоның мәліметінше, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.