Жаңалықтар

Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басшысы болып тағайындалды

«Хабар» агенттігінің басшылығында өзгеріс болды. Ләззат Танысбай агенттіктің басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды, деп Newsroom.kz хабарлайды.
 

Бұған дейін агенттікті басқарған Кемелбек Ойшыбаев қызметінен босатылды.

Ләззат Танысбай бұған дейін «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының директоры қызметін атқарған. Сондай-ақ ол «Қазақстан» телерадиокорпорациясының басқарма төрайымы болып жұмыс істеді.

Жаңа басшының «Хабар» агенттігіндегі қызметіне қашан кірісетіні туралы қосымша ақпарат әзірге жарияланған жоқ.