Қазақстанда жаңа оқу жылы басталды
Бүгін Қазақстанда жаңа оқу жылы басталды. Мектеп аулалары қайтадан баланың күлкісі мен қуанысына толып, мыңдаған бірінші сынып оқушысы мектеп табалдырығын алғаш рет аттап отыр.
Ал биылғы түлектер үшін бұл — мектеп қабырғасындағы соңғы оқу жылының басталуы. Ұстаздар мен ата-аналарды жаңа жоспарлар, жауапкершілік пен талай жарқын сәт күтіп тұр.
Жаңа оқу жылы әр оқушыға тек жақсы бағалар емес, пайдалы білім, жаңа достар, қызықты жаңалықтар мен өзіне деген сенім әкелсін.
📚 Білім күні құтты болсын! Жаңа оқу жылына сәттілік!