Reuters мәліметінше, Непалдың Расува және Нувакот аудандарындағы 11 гидроэнергетикалық жобада 933 жұмысшының қайда екені белгісіз. Олардың бір бөлігі бірнеше туннельдің ішінде қалып қоюы мүмкін. Құтқарушылар ауыр техникалар мен бақыланатын жарылыстарды пайдаланып, туннельдерге жол ашуға тырысуда.
Апатқа 26 тамызда болған мұздықтың опырылуы себеп болуы мүмкін. Оның салдарынан мұз, тау жыныстары мен лай араласқан қуатты су ағыны елді мекендерді, жолдар мен көпірлерді және энергетикалық нысандарды қиратқан.
Қазақстан азаматтарының жоғалғаны туралы ақпаратқа сәйкес, олардың біреуі туристік топ құрамында Непал мен Қытай шекарасынан өткен. Қазақстан дипломаттары жергілікті билікпен байланысып, іздеу жұмыстарына қатысты ақпарат алып жатыр.
Қазіргі таңда апат аймағында құтқару жұмыстары жалғасуда.Мыңдаған адам әлі хабар-ошарсыз кеткен, ал гидроэнергетикалық нысандардағы адамдарды құтқару операциясы негізгі бағыттардың біріне айналған.