Қылмыс

Қызылорда облысында учаскелік инспектор қаза тапты

Қызылорда облысының Арал ауданында тұрмыстық жанжал кезінде учаскелік полиция инспекторы дене жарақатын алып, қайтыс болды. Оқиға кезінде полиция қызметкері еңбек демалысында болған, деп хабарлайды Newsroom.kz Қызылорда облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап.

олиция мәліметінше, қаза болған қызметкер 1988 жылы туған. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Құқық қорғау органдары күдіктінің жеке басын анықтаған. Қазіргі уақытта оны ұстау бойынша тиісті шаралар жүргізіліп жатыр.

Полицияның хабарлауынша, күдікті бұған дейін отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтары үшін қаза болған учаскелік инспектор тарапынан бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оған қатысты қорғау нұсқамалары да шығарылған.

Қазір қылмыстық іс аясында оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Полиция күдіктінің ұсталғаны туралы қосымша ақпаратты кейін хабарлауы мүмкін.