Жаңалықтар

Тоқаев ШЫҰ елдерінен су ұйымын құру бастамасын қолдауды сұрады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитінде жаһандық су қауіпсіздігі мәселесін көтерді, деп хабарлайды Newsroom.kz.

Мемлекет басшысы БҰҰ қамқорлығымен Халықаралық су ұйымын құруды ұсынды. Оның негізгі міндеті – су мәселесімен айналысатын халықаралық құрылымдардың жұмысын үйлестіру, мемлекеттер арасындағы тұрақты диалогты қамтамасыз ету және ортақ шешімдер әзірлеу.

Сонымен қатар Тоқаев ШЫҰ аясында Су проблемаларын талдау орталығын құруды ұсынды.

Президент бұл бастамаларды ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер қолдайтынына үміт білдірді.

«ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қолдауына сенемін», Қасым-Жомарт Тоқаев.