ҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше, оқиғалар тамыз айында тіркелген. Тыйым салынған заттар Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен келген шетел азаматтарының жүгінен табылған.
Есірткі заттары косметикалық өнімдерге ұқсатып жасырылған ыдыстардың ішіне салынған. Сараптама нәтижесінде марихуана, каннабис шайыры және гашиш майы тәркіленгені анықталды.
Жалпы салмағы 32 келіден асқан есірткі заттары тәркіленді.
Қазір аталған фактілер бойынша материалдар тиісті органдарға беріліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.