Мұхтар Тілеуберді Сыртқы істер министрі болып тағайындалды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Мұхтар Тілеуберді Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады, деп жазады Newsroom.kz.
Мұхтар Тілеуберді жаңа қызметке дейін Қазақстанның Австриядағы Төтенше және Өкілетті елшісі әрі Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі болды.
Тілеуберді Сыртқы істер министрлігін бұған дейін де басқарған. Ол алғаш рет бұл қызметке 2019 жылы тағайындалып, 2021 жылдан бастап Премьер-Министрдің орынбасары қызметін қатар атқарды. 2023 жылы министр қызметінен босатылған болатын.