Жаңалықтар

Құрылтайда сегіз тұрақты комитет құрылды

Құрылтайдың I шақырылымында сегіз тұрақты комитет құрылып, олардың төрағалары мен мүшелері сайланды, деп хабарлайды Newsroom.kz.

Құрылтайдың ресми сайтында тұрақты комитеттердің құрамы мен Құрылтай басшылығы таныстырылды.

Комитеттер Құрылтай жұмысының негізгі бағыттары бойынша мәселелерді қарастырып, тиісті ұсыныстар әзірлейді. Әр комитетке оның жұмысын үйлестіретін төраға сайланды.

Осылайша, Құрылтайдың I шақырылымы аясында профильдік бағыттар бойынша жұмыс жүргізетін сегіз тұрақты комитет өз қызметін бастады.