weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қарағандыда екі адамды атып өлтірді: күдікті ұсталды

Қарағандыдағы «Оптимист» саяжай қоғамының аумағында екі адам қаза тапты. Олардың денесінен оқ жарақатының белгілері анықталған. Күдікті сол күні ұсталды. Бұл туралы Newsroom.kz Екаргандаға сілтеме жасап хабарлайды.

Қарағандыда екі адамды атып өлтірді: күдікті ұсталды
Фото: Екарганда

Оқиға 6 қыркүйекте Әлихан Бөкейхан ауданындағы саяжай қоғамдарының бірінде болған. Полиция оқиға орнына келген кезде 43 жастағы ер адам мен 55 жастағы әйелдің денесін тапқан. Осы факті бойынша «Кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Жедел-іздестіру және тергеу шаралары барысында полиция 56 жастағы ер адамды күдікті ретінде анықтап, ұстаған. Ведомство мәліметінше, ол кінәсін мойындаған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Алдын ала ақпарат бойынша, қаза тапқандардың бірі саяжай қоғамының төрағасы, екіншісі жергілікті қоғам белсендісі болған. Кей деректе ер адамның заңгер болып жұмыс істегені де айтылады. 

Бұған дейін «Оптимист» саяжай қоғамын басқаруға қатысты даулар болғаны, төрағалардың бірнеше рет ауысқаны және жекелеген мәселелердің сотқа дейін жеткені туралы ақпарат тарады. Сондай-ақ ұсталған адамның бұған дейін қоғам төрағасы болғаны жөнінде мәлімет бар. Алайда бұл деректердің қылмысқа қатысы бар-жоғын полиция әзірге растаған жоқ.

Қазір тергеу жалғасып жатыр. Құқық қорғау органдары қылмыстың нақты себебі мен күдіктінің ықтимал уәжін анықтауда.
 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→