Оқиға 7 қыркүйек күні сағат 16:25 шамасында Мұстафа Шоқай көшесінде орналасқан шағын тоннажды мұнай өңдеу зауыттарының бірінің аумағында болған. Әр резервуардың сыйымдылығы 60 тонна болған.
Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде екі резервуар ашық жалынмен жанып жатқан. Өрттің жанындағы тағы үш резервуарға таралу қаупі туындаған.
Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар министрлігі, жергілікті атқарушы органдар және басқа да қызметтердің күштері жұмылдырылды. Оқиға орнында жедел штаб құрылып, көршілес резервуарларды қорғау үшін жылжымалы лафеттік оқпандар мен көбік қолданылды. Қосымша өрт сөндіру пойызы да тартылды.
Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында жалынның басқа резервуарларға таралуына жол берілмеді. Өрт 200 шаршы метр аумақты қамты.
Өрт толықтай сөндірілді. Қазіргі уақытта оның шығу себебі анықталып жатыр. Зерттеу жұмыстарына өрт сынақ зертханасы тартылған.