weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

АҚШ Иранға шабуылын «шарасыздықтан жасады»: америкалық профессор пікір білдірді

Сан-Франциско университетінің халықаралық зерттеулер профессоры Стивен Зонс АҚШ-тың Иранға қарсы әскери әрекеттерін сынап, Вашингтонның бұл қадамдары стратегиялық есепке емес, шарасыздыққа негізделгенін айтты, деп хабарлайды Newsroom.kz. Pars Todayге cілтеме жасап.

АҚШ Иранға шабуылын «шарасыздықтан жасады»: америкалық профессор пікір білдірді
Фото: Видео үзіндіден

Стивен Зонс Таяу Шығыс саясаты, АҚШ-тың сыртқы саясаты, халықаралық қақтығыстар және соғыс пен бейбітшілік мәселелерін зерттейді. Ол 2004 жылдан бері Сан-Франциско университетіндегі Таяу Шығысты зерттеу бағдарламасын басқарады.

Профессордың айтуынша, Иранға қарсы әскери науқан АҚШ-тың халықаралық беделіне кері әсер етіп, Вашингтонның өзге мемлекеттермен қарым-қатынасына қосымша қысым түсіруі мүмкін.

Зонс әсіресе Парсы шығанағындағы АҚШ-тың одақтастарына назар аударды. Оның сөзінше, аймақтағы мемлекеттер қақтығыстың салдарымен бетпе-бет келіп отыр. Профессор Вашингтон әскери операцияларды бастамас бұрын бұл елдермен тиісті деңгейде кеңеспегенін атап өтті.

Оның пікірінше, Иранмен соғыс жағдайында Парсы шығанағындағы мемлекеттер негізгі зардап шегушілердің біріне айналуы ықтимал. Себебі олар географиялық тұрғыдан Иранға жақын орналасқан және кез келген әскери шиеленіс олардың қауіпсіздігі мен экономикасына әсер етуі мүмкін.
 

«Бұл шабуылдар стратегиялық есептеулерге сәйкес емес, шарасыздықтан жасалған және ешқандай нәтижеге әкелмейді», – деді Стивен Зонс.


Зонстың айтуынша, Иранға қарсы әскери қысым АҚШ көздеген саяси мақсаттарға автоматты түрде жеткізбейді. Керісінше, қақтығыстың жалғасуы Таяу Шығыстағы жағдайды күрделендіріп, Вашингтонның аймақтағы серіктестерімен қарым-қатынасына әсер етуі мүмкін. Профессор бұған дейін де АҚШ-тың Иранға қатысты саясатын сынап, әскери жолды таңдаудың аймақтағы тұрақсыздықты күшейтуі мүмкін екенін айтқан.

Сонымен қатар Стивен Зонстың пікірі – оның жеке сараптамалық бағасы. Бұл АҚШ үкіметінің немесе ресми мемлекеттік органдардың ұстанымы емес.
 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→