Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, 8 қыркүйекте елдің мемлекеттік орман қорында 12 өрт тіркелген.
Өңірлер бойынша жағдай мынадай:
• Қостанай облысы – 8 өрт;
• Ақмола облысы – 2 өрт;
• Батыс Қазақстан облысы – 1 өрт;
• Павлодар облысы – 1 өрт.
Өрт ошақтары «Қазавиалесоохрана» РМК-ның әуеден патрульдеу жұмыстары мен орман өрттерін ерте анықтау жүйесі арқылы анықталған.
Өрт орындарына орман шаруашылығы мекемелерінің күштері мен техникасы жедел жіберілген. Өртті сөндіруге «Қазавиалесоохрана» тікұшақтары, мемлекеттік орман күзеті, сондай-ақ Төтенше жағдайлар департаменттері мен жергілікті атқарушы органдардың күштері жұмылдырылды.
Ведомствоның мәліметінше, бірқатар өңірде өртті толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Жағдай тұрақты бақылауда.