Аймақтар

Қостанайда бір тәулікте 8 орман өрті тіркелді


Қазақстанда бір тәулікте 12 орман өрті тіркелді. Өрттің басым бөлігі Қостанай облысында болған, деп хабарлайды Newsroom.kz.
 

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, 8 қыркүйекте елдің мемлекеттік орман қорында 12 өрт тіркелген.

Өңірлер бойынша жағдай мынадай:

•⁠  ⁠Қостанай облысы – 8 өрт;
•⁠  ⁠Ақмола облысы – 2 өрт;
•⁠  ⁠Батыс Қазақстан облысы – 1 өрт;
•⁠  ⁠Павлодар облысы – 1 өрт.

Өрт ошақтары «Қазавиалесоохрана» РМК-ның әуеден патрульдеу жұмыстары мен орман өрттерін ерте анықтау жүйесі арқылы анықталған.

Өрт орындарына орман шаруашылығы мекемелерінің күштері мен техникасы жедел жіберілген. Өртті сөндіруге «Қазавиалесоохрана» тікұшақтары, мемлекеттік орман күзеті, сондай-ақ Төтенше жағдайлар департаменттері мен жергілікті атқарушы органдардың күштері жұмылдырылды.

Ведомствоның мәліметінше, бірқатар өңірде өртті толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Жағдай тұрақты бақылауда.