Паром 13 қыркүйекте Шығыс Явадағы Сурабая қаласынан Оңтүстік Калимантандағы Банджармасинге бағыт алған. Кемеде барлығы 243 адам, оның ішінде 213 жолаушы және 30 экипаж мүшесі болған. Сондай-ақ бортта 89 көлік болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, апатқа теңіздегі қолайсыз ауа райы себеп болуы мүмкін. Кеме капитаны толқындардың биіктігі шамамен үш метрге жеткенін хабарлағаннан кейін, паромның қисайып бара жатқаны туралы дабыл берген. Кейін кеме аударылып кеткен.
Құтқару операциясына әскери-теңіз күштері, жағалау қызметтері мен басқа да кемелер және тікұшақтар жұмылдырылған. Соңғы мәлімет бойынша, іздестіру жұмыстарына жүздеген маман қатысып жатыр.
Индонезия билігі апаттың нақты себептерін анықтап жатыр. Құтқарушылар жоғалған жолаушыларды іздеу жұмыстарын жалғастыруда.