Қытай Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің бірі саналады. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылдың қаңтар-сәуір айларында Қазақстанға тауар жеткізуші елдердің қатарында Қытай 6 млрд доллар көрсеткішпен екінші орында тұр. Ал Қазақстан экспортының негізгі бағыттарының ішінде Қытайға 4,9 млрд доллар көлемінде тауар жөнелтілген.
Екі ел арасындағы тауар айналымы да соңғы жылдары жоғары деңгейде қалып отыр. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 48,7 млрд долларға жеткен. Мұндай көрсеткіштер екі ел арасындағы сауда ғана емес, логистика, өндіріс, инвестиция және қызмет көрсету салаларындағы байланыстардың да маңызын көрсетеді. Бұл өз кезегінде қытай тілін білетін мамандарға деген қажеттілікті арттырып отыр.
Сұраныс қалай өзгерді?
Пекин университеті филиалының өкілі Бауыржан Тілеумұратовтың айтуынша, соңғы бес-алты жылда Қазақстанда қытай тілін үйренуге деген сұраныс айтарлықтай өскен.
«Бұрын қытай тілі негізінен “экзотикалық” таңдау саналса, қазір ол нақты прагматикалық қажеттілікке айналды. Бұған Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық байланыстардың тереңдеуі, “Бір белдеу – бір жол” бастамасы аясындағы жобалар, сондай-ақ қытай компанияларының Қазақстан нарығына белсенді кіруі себеп болды», – дейді сарапшы.
Оның сөзінше, қытай тілін үйренуге мектеп оқушылары, студенттер және жұмыс істейтін мамандардың қызығушылығы жоғары. Оқушылар үшін бұл – болашаққа дайындық болса, студенттер тілді халықаралық бағдарламаларға қатысу немесе Қытайда білім алу үшін меңгереді. Ал жұмыс істейтін мамандарға қытайлық серіктестермен тікелей байланыс орнату қажет.
Қытайда білім алуға жаңа мүмкіндік
Қытай тілін меңгеруге қызығушылықтың тағы бір себебі – білім алу мүмкіндіктері.
Қазақстан азаматтарына Қытайда білім алуға арналған гранттар мен халықаралық бағдарламалар ұсынылып келеді. Мәселен, 2026–2027 оқу жылына Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының үкіметі Қазақстан азаматтарына бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша 30 грант бөлген. Бағдарламада қытай тілін базалық деңгейде меңгеру талап етіледі, ал тілді білмейтіндер үшін бір жылдық тілдік дайындықтан өту мүмкіндігі қарастырылған.
Бұдан бөлек, 2025–2026 академиялық оқу жылында 44 қазақстандық Қытайдың жетекші жоғары оқу орындарына грант арқылы қабылданған.
Бұл қытай тілін меңгерудің шетелде білім алуға дайындалып жүрген жастар үшін де пайдалы дағды екенін көрсетеді.
Қытай тілін білу халықаралық мансапқа қалай әсер етеді?
Қытай тілін білу белгілі бір мамандықпен ғана шектелмейді. Бүгінде бұл дағды халықаралық компаниялар, логистика, туризм, дипломатия, сауда, IT, маркетинг және экспорт-импорт салаларында пайдалы болуы мүмкін.
Мысалы, халықаралық компанияда жұмыс істейтін маман үшін қытайлық серіктестермен тікелей сөйлесу, құжаттармен жұмыс істеу немесе келіссөздерге қатысу қосымша мүмкіндік береді.
Бауыржан Тілеумұратовтың пікірінше, ағылшын тілін білетін мамандар көп болғанымен, қытай тілін, әсіресе іскерлік қытай тілін еркін меңгерген кадрлар әлі де тапшы.
«Қытай тілі бүгінде тек тіл емес, нақты экономикалық актив ретінде қарастырылуы керек», – деп атап өтті сарапшы.
Қытай тілі кәсіпкерлерге не береді?
Қытаймен жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін тілдің маңызы бұдан да практикалық болуы мүмкін.
Қазақстандық кәсіпкерлер Қытайдан тауар жеткізеді, өндірушілермен байланыс орнатады, келіссөздер жүргізеді және іскерлік серіктестік орнатады. Мұндай жағдайда қытай тілін білу серіктеспен тікелей коммуникация жасауға мүмкіндік береді. Мұны кәсіпкерлікпен айналысатындардың тәжірибесінен де көруге болады. Астана қаласында ыдыс-аяқ сатумен айналысатын Posudamarket.kz интернет-дүкенінің негізін қалаушы Алия Beijing.room оқу орталығында қытай тілін оқыған.
Оның мақсаты – болашақта Қытайдың іскерлік этикасы мен мәдениетін тереңірек түсіну, сондай-ақ жеткізушілермен тікелей байланыс орнату. Кәсіпкер үшін қытай тілін меңгеру – бизнесті дамытуға бағытталған маңызды қадам.

Жаңа еңбек нарығында жаңа дағдылар қажет
Еңбек нарығының өзгеруі мен жаңа дағдыларды меңгеру мәселесі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауларында да көтерілген.
Президент 2022 жылғы Жолдауында жастардың алған білімі, соның ішінде тіл білуі маңызды екенін атап, білім мен игерілген дағдылардың еңбек нарығының нақты сұранысына сәйкес болуы қажеттігіне тоқталған. Ал 2023 жылғы Жолдауында білім беру жүйесінің еңбек нарығының сұранысына қарай өзгеруі керектігін айтып, бірқатар салаларда кадр тапшылығы бар екенін атап өтті.
Бұл тұрғыдан алғанда шет тілін меңгеру – адамның негізгі мамандығын алмастыратын емес, оны толықтыратын дағды. Әсіресе халықаралық байланысы бар салаларда қосымша тіл білу маманның кәсіби мүмкіндігін кеңейте алады.
Қытай тілін үйренуге қызығушылық қандай?
Қытай тілін тек жұмыс немесе білім алу үшін ғана емес, жеке даму үшін де үйреніп жүргендер бар.
Мысалы, Beijing.room оқу орталығының оқушылары Аянат, Амина және Аида қытай тілін өзін-өзі дамыту және болашақ мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында меңгеріп жүр. Олардың пікірінше, алдағы жылдары Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық, білім беру және іскерлік байланыстар одан әрі нығая түседі.
Сондықтан олардың түсінігінде қытай тілін білу – жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын маңызды дағды. Яғни тіл үйрену тек бүгінгі білім емес, болашаққа жасалған инвестиция ретінде қарастырылады.

Қытай тілін қайдан үйренуге болады?
Қытай тілін үйренуді жоспарлағандар үшін тілді жүйелі түрде меңгеру маңызды. Бұл ретте оқу форматының ыңғайлы болуы, білікті ұстаздар және дұрыс әдістеме нәтижеге жетуге әсер етеді.
Осы бағытта Beijing.room оқу орталығы қытай тілін нөлден бастап үйренгісі келетіндерге офлайн және онлайн форматта сабақ ұсынады. Сабақтар жүйелі бағдарламаға негізделеді және әр студенттің мақсатына бейімделеді. Сөйлеу дағдысы, грамматика, иероглифтер, тыңдалым және тілді практикалық жағдайда қолдану қатар дамытылады.
Орталықтағы топтық сабақтың құны – 40 000 теңге, ал жеке сабақ – 60 000 теңге. Білікті ұстаздар, ыңғайлы оқу форматы және жүйелі әдістеме қытай тілін меңгеруге алғашқы қадам жасауға мүмкіндік береді.
Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық және білім беру байланыстарының дамуын ескерсек, қытай тілін білу жастар үшін халықаралық білім мен кәсіби ортаға шығуға көмектесетін қосымша құралдардың біріне айнала ала ма?
+7 (706) 637-01-21
Beijing.room