Қазақстан Сербиямен әскери техника саласында жаңа келісім жасады
Қазақстан мен Сербия әскери-техникалық ынтымақтастықты дамытуға ниетті. Құрылтай екі ел арасындағы тиісті келісімді бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Newsroom.kz.
Келісімге 2023 жылғы 29 қарашада Сербия астанасы Белградта қол қойылған. Құжаттың негізгі мақсаты – Қазақстан мен Сербия арасындағы өзара тиімді әскери-техникалық ынтымақтастықты жолға қою және оны одан әрі дамыту.
Келісім аясында екі ел қару-жарақ пен әскери техника жеткізу, сондай-ақ оларды техникалық қызмет көрсету және жөндеу бағыттарында бірлесіп жұмыс істей алады.
Сонымен қатар тараптар ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуді жоспарлап отыр. Құжат технологиялар трансферін, әскери-техникалық көмек көрсетуді және осы саладағы мамандарды даярлау мен оқытуды да қамтиды.
Бұдан бөлек, Қазақстан мен Сербия әскери инфрақұрылымның мүмкіндіктерін ескере отырып, қару-жарақ пен әскери техника үлгілеріне бірлескен сынақтар өткізу мәселесі бойынша да ынтымақтастық орната алады.
Келісім екі ел арасындағы әскери-техникалық байланыстардың құқықтық негізін қалыптастыруға бағытталған.