weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
17 қыркүйек, 2026 / Шұғыла Амангелді / Аймақтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

⁠Қазақстанның орман қорында үш өрт тіркелді

Қазақстанда бір тәулікте мемлекеттік орман қоры аумағында үш орман өрті тіркелді. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.
 

⁠Қазақстанның орман қорында үш өрт тіркелді
Фото: Ашық деректер көзі

Өрт ошақтарының бірі Қарағанды облысында анықталса, қалған екеуі «Семей орманы» және «Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи резерваттарының аумағында тіркелген.

Өртпен күреске мамандар жұмылдырылды

Тілсіз жауды ауыздықтауға мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері мен арнайы техника тартылған. «Қазавиаорманқорғау» мамандары жағдайды әуеден бақылап, жердегі өрт сөндіру жұмыстарына қолдау көрсетуде.

Өрттер бақылауда

Қазіргі таңда мамандар өрт ошақтарын оқшаулап, толық сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жағдай тұрақты бақылауда.
 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→