Қылмыс

Балаларының көзінше әйелін ұрды деген ер адам туралы ақпарат тарады

Түркістан облысының Ордабасы ауданындағы Шұбарсу ауылында ер адам әйелін балаларының көзінше ұрған. Бұл туралы зардап шеккен әйелдің туысы мәлімдеген, Newsroom.kz хабарлайды.

Туысының айтуынша, ер адам әйелін қатты соққыға жыққан. Сонымен қатар ол әйелінің атына 2 млн теңге көлемінде несие рәсімдеген және оған әлі де күш көрсетіп, өлтіремін деп қорқытып жүрген.

Зардап шеккен әйелдің жақындары Түркістан облысының полиция департаментінен істі бақылауға алып, болған жағдайдың мән-жайын анықтауды сұрап отыр.

Қазіргі таңда аталған жағдай бойынша полицияның ресми түсініктемесі жоқ. Оқиғаға құқықтық бағаны тиісті органдар береді.