weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
18 қыркүйек, 2026 / Шұғыла Амангелді / Кадрлар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Нұрлан Әбдіров ОСК басшысы болып қайта тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Мәжитұлы Әбдіров Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады, деп жазады Newsroom.kz. 

Нұрлан Әбдіров ОСК басшысы болып қайта тағайындалды
Фото: Ашық деректер көзі

Нұрлан Мәжитұлы Әбдіров 1961 жылғы 12 қаңтарда дүниеге келген. Ол КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін және Мәскеудегі КСРО ІІМ Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институтының адъюнктурасын тәмамдаған. Заңгер-құқықтанушы, заң ғылымдарының докторы, профессор.

Әбдіров әр жылдары Ішкі істер министрлігінің Қарағанды жоғары мектебінде оқытушы, Есірткіні бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның хатшысы, Қауіпсіздік кеңесі Хатшылығының мемлекеттік инспекторы және басшылық қызметтерінде жұмыс істеген.

2009–2020 жылдары Мәжілістің төртінші, бесінші және алтыншы шақырылымдарының депутаты болды. Парламентте Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетін басқарды. 2020 жылы Сенат депутаты, кейін Сенат төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2022 жылғы қаңтарда Орталық сайлау комиссиясының төрағасы болып тағайындалған. 

Сонымен қатар бүгін Президенттің бірқатар кадрлық жарлықтарға қол қойғаны белгілі болды. Олардың қатарында Конституциялық сот пен Жоғары аудиторлық палатаның басшыларына қатысты тағайындаулар бар. 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→