Реклама
weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Бүгін, 10:10 / Admin / Қылмыс
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Тағы да қайғылы жағдай: Астанада әйел пышақ жарақатынан көз жұмды

Астанада ер адам әйелге пышақ жарақатын салып, оны өлтірді. Күдікті ұсталды. Бұл туралы Newsroom.kz  Астана қаласы Полиция департаментінің мәліметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Тағы да қайғылы жағдай: Астанада әйел пышақ жарақатынан көз жұмды
Фото: Әлеуметтік желіден

Қайғылы оқиға 22 қыркүйек күні сағат 20:00 шамасында болған. Полицияға әйелге шабуыл жасалғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына барған қызметкерлер әйелдің пышақ жарақатын алғанын анықтаған. Ол алған жарақатынан сол жерде көз жұмған.

Күдікті көп ұзамай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде күдіктінің полиция қызметкері болуы мүмкін деген ақпарат тараған. Алайда Астана қаласының Полиция департаменті бұл мәліметті жоққа шығарды.

Ұсталған ер адам әйелдің бұрынғы күйеуі болуы мүмкін. Қазір қылмыстық істің барлық мән-жайы анықталып жатыр.


Айта кетейік, соңғы күндері Қазақстанда әйелдерге қатысты бірнеше ауыр қылмыс тіркелді. 21 қыркүйекте Семейде 19 жастағы студент Диляра Салимбаева қаза тапты. Сонымен қоса, қазақстандық қоғамда Шымкентте қаза тапқан 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өлімі де үлкен резонанс тудырған еді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→