Реклама
weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Алматыда таңертең жер сілкінісі тіркелді

Алматы тұрғындары бүгін, 28 қыркүйекте, жер сілкінісін сезінді. Жерасты дүмпулері туралы ақпарат таңертең әлеуметтік желілер мен қалалық чаттарда тарады. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.

Алматыда таңертең жер сілкінісі тіркелді
Фото: Ашық деректер көзі

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жер сілкінісі сағат 06:32-де тіркелген. Жер сілкінісінің қарқындылығы 2-3 балға дейін жеткен.

Сейсмологтардың есептеуінше, эпицентрден 18 шақырым қашықтықта орналасқан Қарасай (Қаскелең) қаласында дүмпу күші 2-3 балл болған. Эпицентрден 19 шақырым жердегі Боралдайда да жер сілкінісінің қарқындылығы 2-3 балға жеткен.

Ал эпицентрден 28 шақырым қашықтықтағы Өтеген батыр елді мекенінде дүмпу күші 2 балл болған.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат жоқ.
 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→

Біздің cеріктестер