Реклама
weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Бүгін, 16:06 / Шұғыла Амангелді / ЗжТ
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

⁠Абай облысында аса ауыр қылмыс 24%-ға өскен

Абай облысында қылмыстық құқық бұзушылықтардың жалпы саны азайғанымен, бірқатар алаңдатарлық көрсеткіштер бар. Аса ауыр қылмыстар 24%-ға өссе, қаңтар–тамыз айларында 677 интернет-алаяқтық фактісі тіркелген. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.

⁠Абай облысында аса ауыр қылмыс 24%-ға өскен
Фото: Жасанды интеллект

Абай облысы Полиция департаментінің мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы сегіз айында өңірде 2141 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 2554 болған. Жалпы қылмыс саны 16,2%-ға азайған.

Алайда статистикадағы ең алаңдататын көрсеткіштердің бірі – аса ауыр қылмыстардың өсуі. Былтыр қаңтар–тамызда 25 факт тіркелсе, биыл олардың саны 31-ге жеткен. Яғни өсім 24%-ды құрады.

Ауыр қылмыстардың саны керісінше 10,3%-ға төмендеп, 731-ден 656-ға түскен.

Интернет-алаяқтық та өңірдегі өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Сегіз айда 677 факт тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10,6%-ға аз болғанымен, күн сайын орта есеппен бірнеше интернет-алаяқтық дерегі тіркеліп отырғанын көрсетеді. Полиция мәліметінше, мұндай қылмыстардан жәбірленушілерге келтірілген залалдың 33 млн теңгеден астамы өтелген.

Бұған дейін облыс полициясы 2026 жылдың алғашқы алты айында 468 интернет-алаяқтық фактісі тіркелгенін хабарлаған еді.

Қоғамдық орындардағы қылмыс саны 35%-ға төмендеген. Дегенмен өңірде қоғамдық тәртіпке қатысты мыңдаған әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Мәселен, Семейде өткен төрт күндік «Қауіпсіз қала» іс-шарасы барысында 321 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген. Оның ішінде қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішу бойынша 115, ұсақ бұзақылық бойынша 10 факт анықталған.

Шығыс кентіндегі рейд кезінде тағы 123 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген.

Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс саны 9,8%-ға азайғанымен, жыл басынан бері жасөспірімдер 37 қылмыс жасаған.

Полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, интернет-алаяқтықпен күресу және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыстар жалғасып жатқанын мәлімдеді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→

Біздің cеріктестер