Тергеу нұсқасына сәйкес, схема 2026 жылдың қаңтарында ұйымдастырылған. Күдіктілер интернет-казино өкілдерімен Қазақстан аумағында ойыншылардың қаражатын қабылдау және шығару туралы келісімге келген деген болжам бар.
ҚМА мәліметінше, күдіктілердің бірі топтың жұмысын үйлестіріп, казино өкілдерімен байланыс жасаған. Екіншісі дропперлерді іздеп, олардың банк шоттарына қолжетімділікті ұйымдастырған және операторларды жұмысқа тартқан.
Тергеу дерегіне сәйкес, Қарағандыдағы жалға алынған кеңседе операторлар тәулік бойы ауысыммен жұмыс істеген. Схемаға 23 дроп-шот тартылып, олар арқылы 415 млн теңгеден астам сомаға операция жүргізілген.
Іс бойынша екі күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған. Сот санкциясымен олардың мүлкіне, оның ішінде жеке үйіне, екі жер теліміне және Mercedes-Benz автокөлігіне тыйым салынған.
Қылмыстық іс сотқа жолданды. ҚМА Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеруге қатысты өзге мәліметтердің жария етілмейтінін хабарлады.
Күдіктілердің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен анықталған жоқ.