Жаңбырдан кейін: Түркістан облысында ауылдарды су басты
Түркістан облысында жауын-шашыннан кейін бірнеше ауылда сел жүрді. Төтенше жағдайдың видеолары әлеуметтік желіде тарады.Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.
Әкімдік мәліметінше, табиғи құбылыстан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Сондай-ақ тұрғын үйлердің қирағаны туралы ақпарат түспеген.
Қазіргі уақытта елді мекендерде арнайы техника мен мамандар жұмыс істеп жатыр. Апат салдарын жоюға 9 арнайы техника және 64 адам жұмылдырылған.
Ауласына су кірген тұрғындарға қажетті көмек көрсетілген. Мамандар жағдайды бақылауда ұстап, жұмыстарды жалғастырып жатыр.