weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ауыл тұрғындары дәрігерге онлайн қарала алады: жаңа ереже ұсынылды

Қазақстанда қашықтан медициналық кеңес беру тәртібін заңнамалық тұрғыда бекіту ұсынылып отыр. Бұл өзгеріс әсіресе ауылдар мен шалғай елді мекендер тұрғындарының бейінді дәрігерлерге қолжетімділігін арттыруға бағытталған.Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.

Ауыл тұрғындары дәрігерге онлайн қарала алады: жаңа ереже ұсынылды
Фото: Ашық деректер көзі

Ұсынысқа сәйкес, ауылдық дәрігер бейінді маманды бейнебайланыс арқылы кеңеске қоса алады. Ол пациенттің тексеру нәтижелерін маманға жіберіп, әрі қарайғы емге қатысты ұсыныстар ала алады. Бұл ретте онлайн кеңес беру дәрігердің тікелей қабылдауын алмастырмайды. Қашықтан кеңес беру қосымша құрал ретінде қолданылмақ. Мысалы, пациент алғашқы тексеруден өткеннен кейін талдау нәтижелерін маманмен онлайн талқылай алады.

Сонымен қатар емдеуші және кеңес беруші дәрігерлер арасындағы жауапкершілікті бөлу мәселесі ашық қалып отыр. Мамандардың ұсынымдарын кім тіркейтіні және емдеу бойынша түпкілікті шешімді кім қабылдайтыны да нақтылауды қажет етеді.

Құрылтай депутаты Асхат Аймағамбетов дәрігерлердің мұндай форматта жұмыс істеуі үшін нақты әрі түсінікті ережелер қажет екенін атап өтті.

Сарапшылардың пікірінше, телемедицина алғашқы очный қабылдаудан кейін әсіресе тиімді болуы мүмкін. Мәселен, пациент талдау нәтижелерін дәрігермен қашықтан талқылап, емдеу тәсілін түзете алады немесе қан қысымы, қандағы қант деңгейі секілді көрсеткіштерін маманға жібере алады. Алайда ауыр және күрделі аурулар кезінде пациентті тікелей тексеру қажет. Мамандар қашықтан кеңес беру кезінде кейбір маңызды белгілер мен науқастың жағдайына қатысты жайттардың назардан тыс қалу қаупі бар екенін де ескертеді.

Мұндай формат әсіресе шалғай ауыл тұрғындары үшін өзекті. Қазір кейбір азаматтар бейінді дәрігерге қаралу үшін ондаған, тіпті жүздеген шақырым жол жүруге мәжбүр.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→

Біздің cеріктестер