weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

⁠Астана халқының саны 1,7 млн адамға жетті

Астана халқының саны 1,7 миллион адамнан асты. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша елордада 1 700 385 адам тұрады.Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.

⁠Астана халқының саны 1,7 млн адамға жетті
Фото: Ашық деректер көзі

Бір айдың ішінде Астана халқы 9 780 адамға, ал жыл басынан бері 61 209 адамға көбейген.

Жалпы Қазақстан халқының саны 20 618 796 адамды құрады.

Халық саны ең көп өңірлер қатарында Алматы қаласы мен Түркістан облысы бар. Алматыда 2 387 896, Түркістан облысында 2 142 709 адам тұрады.

Сонымен қатар Алматы облысының халқы 1 615 631, Шымкент қаласында 1 316 888, Жамбыл облысында 1 210 084, ал Қарағанды облысында 1 130 123 адамға жетті.

Қазақстандағы ауыл халқының саны 7 382 755 адамды құрады.

Ал халық саны ең аз өңір – Ұлытау облысы. Мұнда 217 274 адам тұрады.
 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→

Біздің cеріктестер