Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінде жаңа кадрлық өзгерістер жасады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
24 қыркүйекте Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде ауа райы нашарлап, жел күшейген соң теңізге 17 әскери қызметші ағып кеткен. Олардың 14-і қаза тауып, үшеуі құтқарылды.
25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды. Оқиғаға байланысты екі қылмыстық іс қозғалды: 453-баптың 2-бөлігі («Қызметке салғырт қарау, ауыр зардаптарға әкеп соққан») және 465-бап («Кеме жүргізу қағидаларын бұзу») бойынша.
Күдікке ілінген бес лауазымды тұлға анықталып, ұсталды. 26 қыркүйекте президент Қорғаныс министрлігінде кешенді тексеріс жүргізуді тапсырды.
27 қыркүйекте мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Даурен Қосановты қызметінен босатып, бұл лауазымға Айдос Мырзахметовті тағайындады.