Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектіні қауіпсіз және жауапты дамытуға арналған «Вашингтон моделін» қолдайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Акордада өткен ЖИ дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысында айтылды.
Мемлекет басшысы жуырда АҚШ президенті Дональд Трамп пен ірі технология компанияларының басшылары жасанды интеллект технологияларын қауіпсіз әрі жауапты дамыту жөнінде ерікті келісімге қол қойғанын еске салды.
Тоқаевтың айтуынша, бұл бастама өте маңызды және уақытылы қадам болып отыр. Оның пікірінше, жасанды интеллектке байланысты тәуекелдер ұлттық шекарамен шектелмейді, сондықтан мемлекеттер мен бизнес бірлесіп әрекет етуі қажет.
«Вашингтонда қол қойылған келісім мұқият зерделенгеннен кейін, мүдделі елдердің бәрі оны жасанды интеллект саласында жаһандық деңгейде енгізілуі тиіс үлгі ретінде қарастыра алар еді».
Президент «Вашингтон моделі» БҰҰ қамқорлығындағы халықаралық келісімге негіз болуы мүмкін екенін де айтты. Қазақстан жасанды интеллектіні қауіпсіз әрі жауапты дамытуға қолдау көрсететінін жеткізген Тоқаев елдің бұл бағытта сындарлы халықаралық диалог алаңы болуға дайын екенін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев кеңес мүшелеріне осы саладағы халықаралық бастама бойынша нақты ұсыныстарды қысқа мерзім ішінде енгізуді тапсырды. Оның айтуынша, ортақ көзқарас биыл желтоқсанда Майамиде өтетін G20 саммитінде таныстырылады.