Оман сұлтаны Хайсам бен Тарик әл-Саид 5-6 қазанда Қазақстанға келеді
Оман сұлтаны Хайсам бен Тарик әл-Саид 5-6 қазан күндері Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Сапар барысында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтіп, екі ел ынтымақтастығын кеңейту мәселелері талқыланады.
Оман сұлтаны Хайсам бен Тарик әл-Саид 5-6 қазан күндері Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Сапар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен өтеді. Жоғары деңгейдегі келіссөздерде тараптар саяси диалогты нығайту, сондай-ақ сауда-экономика, инвестиция және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту жолдарын талқылайды.
Сонымен қатар екі елдің басшылары қазақ-оман бизнес форумы жұмысына қатысады.