weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
22 қазан, 2026 / Жасмина Нурлан / Әскер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстанда мерзімді әскери қызметті өткеру тәртібі өзгереді

Шақырылған азаматтар алғашқы алты айда оқу орталықтарында дайындықтан өтіп, келесі жарты жылды әскери бөлімдерде өткізеді. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.

Қазақстанда мерзімді әскери қызметті өткеру тәртібі өзгереді
Фото: KP.KZ

 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарулы күштерді реформалау жоспарын мақұлдады. Бұл мәселе Қауіпсіздік кеңесінің отырысында қаралды.

Ұсынылып отырған өзгерістерге сәйкес, мерзімді әскери қызмет екі кезеңге бөлінеді. Алғашқы алты айда сарбаздар арнайы оқу орталықтарында әскери дайындықтан өтеді. Одан кейін олар әскери бөлімдерде қызметін жалғастырады.

Реформа аясында армияның құрылымын қайта қарау, Ұшқышсыз күштерді құру және әскерді басқару жүйесін жетілдіру көзделген.

Сондай-ақ әскери қызметшілердің құқықтарын қорғау мәселесіне басымдық берілмек. Осы мақсатта әскери консультанттар институтын енгізу және Әскери қызметшілердің құқықтары жөніндегі уәкіл қызметін құру жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, әскердегі әлімжеттік пен жарғылық тәртіпке қайшы әрекеттерге қарсы шаралар күшейтіледі.

Ұйымдастырушылық өзгерістерді 2026 жылдың соңына дейін аяқтау көзделген. Ал әскери реформаның негізгі бағыттарын 2027 жылы жүзеге асыру жоспарланып отыр.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→

Біздің cеріктестер