Тергеу мәліметінше, шикізатты шетелге шығару үшін кедендік құжаттарда жүк «мыс кені мен концентраттары» деп көрсетілген. Осылайша оның нақты құрамы жасырылмақ болған.
Тергеу және жедел-іздестіру шаралары барысында Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарындағы қоймалардан ірі контейнерлерге салынған 1 000 тоннадан астам шикізат табылды.
Заңсыз әрекетті ұйымдастыруға қатысы бар деген күдікпен экспорттаушы «RedGold Mining» ЖШС директоры және өзге де тұлғалар анықталды. Екі күдікті қамауға алынды.
Сонымен қатар соттың рұқсатымен серіктестіктің ақшалай қаражатына тыйым салынды.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеудің өзге мәліметтері жария етілмейді.