Ресейдегі соғыс аймағында қалған қазақстандықтар елге оралды
Ресейдегі соғыс аймағында қалған 12 қазақстандық азамат елге оралды. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.
Заңгер Мейірман Шекеев Instagram парақшасында елге оралған азаматтардың видеосын жариялады.
«Бұл — жай ғана қайту емес. Бұл — ата-ананың көз жасы, отбасының үміті, балалардың, Қазақстан азаматтарының елге оралуы», — деп жазды ол.
Оқиғаның өзге мән-жайы әзірге жарияланған жоқ.