Кадрлар

Лана Нусейбе БҰҰ Бас хатшысы лауазымына ұсынылды

Қазақстан Біріккен Араб Әмірліктерінің мемлекеттік сыртқы істер министрі Лана Заки Нусейбенің БҰҰ Бас хатшысы лауазымына кандидатурасын ұсыну бастамасын қолдады. Бұл туралы Newsroom.kz ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, жаңа Бас хатшыны сайлау барысында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі мүшелерінің ортақ келісімге келуі маңызды мәселелердің бірі болып отыр.

Қазақстан үміткерлер санының артуы халықаралық диалогты жалғастырып, барлық тарапқа қолайлы шешім табуға мүмкіндік береді деп есептейді.

Сонымен қатар еліміз БҰҰ Бас хатшысын ашық әрі әділ іріктеу рәсімі арқылы сайлауды қолдайды. Министрлік кандидаттарды таңдау кезінде олардың кәсіби біліктілігіне басымдық беру қажет екенін атап өтті.