Маңғыстауда вокзал ашылуында жұрт жаппай кептелді
Маңғыстауда жаңартылған теміржол вокзалының ашылуы кезінде тұрғындар кіреберіске жаппай жиналып, бір-бірін итермелеген. Newsroom.kz хабарлайды.
Оқиғаға қатысты пікір білдірген ҚР Құрылтайының депутаты Үнзила Шапақ қоғамдағы тәртіп пен мәдениеттің маңызын атап өтті.
«Біз соңғы жас буынға үлгі болуымыз керек. Сондықтан үлкен азаматтардың бір-бірін тыңдамауы, бірінің үстінен бірі итеріп, мемлекеттік билік өкілдерін елемеу, құрмет танытпау, тәртіпке деген нигилизм, осы мәселеден құтылуымыз керек. Жалпы біз өркениетті қоғамда өмір сүреміз. Сондықтан ол қоғамда өмір сүріп жатқан азаматтардың сол қоғамға сай мәдениеті де болуы керек», – деді ол.
Депутаттың айтуынша, қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, өзгелерге құрмет көрсету және мәдениеттілік таныту – өркениетті қоғамның маңызды белгілері.